Кызылординская область
Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
31 қазан күні қала орталығындағы азық-түлік дүкенінен ұрлық жасағаны үшін күдікті ұсталды. Ол дүкеннің есігін бұзып кіріп, Samsung ұялы телефоны мен темекі өнімдерін ұрлаған,деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталған ер адам Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.