Кызылординская область

Қызылордада әлдебіреулер иттерді балалардың көзінше атып, жұртты шошытқан

Қызылордада белгісіз біреулер иттерді балалардың көзінше атып өлтіріп, жұртты шошытқан. Мұны жергілікті тұрғындар айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” телеарнасының хабарына сүйеніп.

Куәгерлердің сөзінше, Газель айдаған екі ер адам ауданды аралап, жануарларға оқ атқан, өлескелерді көлікке салып алып кеткен.

“Мен оларға жақындап едім, көлігінде өлім аузында жатқан иттер толып тұрғанын көрдім. Дереу 102 нөміріне хабарласқаннан кейін полиция бөлімшесіне барып, шағым жаздым. Ондағылар көлік әкімдікі екенін, демек ана адамдардың иттерді атуға рұқсаты бар деп айтты”, – дейді қала тұрғыны Алина Закирова.

Қызылорда ветстанциясының өкілдері ешкімге иттерді ұстауға, атуға бұйрық бермегенін, көлік кімге тиесілі екенін анықтайтынын айтады. Биыл Қазақстанда шыққан заңда иесіз жануарларды атуға тыйым салынған.

 

Другие новости

Back to top button