Кызылординская область

Қызылорда облысында кәсіпкер мемлекеттің 100 млн теңгесін жымқырған

Прокуратура қылмыстық жолмен жымқырылған қаржыны қайтарды

Қызылорда облысының прокуратурасы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Тексеру барысында «Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС «Мега Агро» ЖШС-дан 2400 тонна күріш астығын 120 млн теңгеге сатып алу туралы 2018 жылы 2 наурызда келісімшарт жасағаны анықталды. Қаражат толық көлемде аударылған.

«Шарт талаптарына сәйкес тауар 2018 жылы 30 қыркүйекке дейін жеткізілуі тиіс болған. Алайда жеткізуші өз міндеттерін толық орындамай, 101 млн теңге мемлекет қаражатын бас пайдасына шығындаған», — деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Одан бөлек, сол мерзімде көрсетілген 2 серіктестіктің басшысы М. Еспанов болған.

«Осылайша, М.Еспанов мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзіне тиесілі «Мега Агро» ЖШС арқылы бюджет қаржысын жымқыру мақсатында аффилирленген шарт жасаған. Бұл факт бойынша облыс прокуратурасы 19.08.2022ж. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеді», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында М.Еспановқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, оның әрекеті ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағынмен қайта сараланып, ол кінәсін толық көлемде мойындады және қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жалағаш ауданы сотының 03.10.2023ж. үкімімен М.Еспановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалды (үкім заңды күшіне енді).

«Мемлекетке келтірілген 101 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өндірілді», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button