Кызылординская область

Қызылорда облысында ер адам 7 жасар қызын зорламақ болған

Оқиғаның болғанын облыстық ПД баспасөз қызметі растады

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 7 жасар қызын зорлауға әрекеттенген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды БАҚ.

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазылды.

Оқиға Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде болған. Түскі мезгілде туған әкесі 7 жастағы қызын зорлауға әрекеттенген. Қарындасын 6-сыныпта оқитын ағасы құтқарып қалған.

Оқиғаның болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ол жөнінде төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша Қазалы ауданының тұрғыны арыз түсірді. Арыздың негізінде Қазалы аудандық Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдікті азамат Полиция бөліміне қамалды. Ic бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес, әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді», — деп атап өтті ведомстводан.

Другие новости

Back to top button