Госорганы

Қызылорда мен Аралда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген күдікпен 32 адам ұсталды

ҰҚК ресми сайты Қызылорда және Арал қалаларында өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген күдікпен 32 адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі ресми сайтында хабарлады.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер ұзақ уақыт жедел зерделеуден кейін 2022 жылғы 18 қазанда «А» арнайы мақсаттағы қызметті жұмылдырумен және прокуратураның қатысуымен іске асырылған арнайы операция барысында ұсталған. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі.

«Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыстарда» қабылдап отырған. Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар», — дейді ҰҚК өкілдері.

Олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынған.

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғатталған. Құзырлв орган трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар әлі жалғасып жатқанын мәлім етті.

Другие новости

Back to top button