Улытауская область

«Қызылорда-Жезқазған» жолы қашан реттеледі?

Ұзындығы 412 шақырымды құрайтын автожол учаскесі өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қызылорда-Жезқазған» жолының жағдайынан толық хабардар екенін айтып,  бұл мәселені өзінің жеке бақылауында ұстаймын деп уәде етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, қай жолдың мәселесі болсын, маған таңсық емес. Ұзындығы 412 шақырымды құрайтын автожол учаскесі өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Жоба 10 учаскеден тұрады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының аумағында — 6, Қарағанды облысында 4 учаске. Жобалардың жалпы құны 108 млрд теңге, оның шеңберінде 2 көлік айрығы, 3 көпір, 45 темірбетон құбыр мен 6 демалыс алаңын салу көзделіп отыр. Жолдың жағдайынан толық хабардармын және бұл мәселені өзімнің жеке бақылауымда ұстап отырмын. Әлбетте, бұл бір күндік мәселе емес, сондықтан жүйелі түрде шешілуі тиіс. Яғни, уәдені үйіп-төгудің қажеті жоқ деп санаймын»,- деді Қайырбек Өскенбаев.

 

Сондай-ақ, министр еліміздің маңызды көлік артерияларында жүріп жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, биыл жол-құрылыс жұмыстарымен 11,2 мың км қамтылды, оның ішінде республикалық желі бойынша 7 мың шақырым.

«Автожол инфрақұрылымын дамыту – жұмыс барысындағы басым бағыттардың бірегейі болып табылады. Мәселен, «Алматы – Қарағанды», «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» және «Талдықорған – Өскемен» сияқты магистральдық маршруттарда басталған реконструкциялау жұмыстарының сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы министрлігіміздің ерекше бақылауында. «Орталық – Оңтүстік», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен», «Ұзынағаш – Отар», «Үшарал – Достық», «Қостанай – Денисовка» жобалары аясында республикалық маңызы бар жолдар толық ауқымды жұмыстармен қамтылып отыр»,- деді министр.

Другие новости

Back to top button