Қызылорда билігі Назарбаев саябағын жаңартуға 13 млрд теңге жұмсамақ
Қызылордада тұңғыш президент саябағын қайта жаңғыртуға 13 млрд теңге бөлу көзделіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, тапсырыс беруші – Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Лоттың сипаттамасында тұңғыш президент саябағын қайта құру жобасы аясында тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру жұмыстары жөнінде жазылады.
Саябақты жаңартуға 13 120 508 659 теңге бөлу көзделген.
НАЗАРБАЕВ
Осыдан аз уақыт бұрын Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинпен кездескен еді. Қоғамда бірінщі президенттің бұл кездесуі көп әңгімеге арқау болған.
Сонымен бірге Қазақстанда экс-президенттер мен олардың отбасы жайлы деректер құпия ақпараттар қатарына енгізілетіні белгілі болды. Жобаға сәйкес, мемлекеттік құпияларға қазіргі президенттің, оның отбасының қауіпсіздігі, сондай-ақ оның денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар экс-президенттер мен олардың отбасылары туралы ұқсас ақпарат та енгізіледі.