Культура

«Қыз-жігіт болып жүргенде уәде берген едім»: Төреғали Төреәлі әйелінің қымбат көлігін көрсетті

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жары Толқынға сыйлаған көлікті көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесінің айтуынша, әйелі көлікті қыз күнінен жүргізеді екен.

“Менің рөлге отыра алмайтынымды білесіздер. Құқығым да жоқ. Толқынға жақында алып берген көлігіміз – Lexus rx 300. Бір қызығы, осыдан 10 жыл бұрын екеуіміз қыз бен жігіт болып жүріп жүргенде дәл осындай маркалы машинасы болған еді. Ұзату күні жақындағанда “сенің үйіңе машинаны алып барайын ба?” деп сұрады. “Тастап кете бер, кейін бізде бәрі жақсы болса, саған осындай көлік алып беремін” деп айттым. Міне, сол уәдемді орындап, қыз күніндегі көліктің су жаңасын сыйладым. Барлығына бірге жетуге болады”, – деп айтты әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің жұбайы туралы жақсы пікірлер жазып жатыр. Енді бірі әншіні мақтаншақ деп сынады.

“Толқын сондай ибалы келін”, “Күйеуі сөйлеп отырғанда, жағаласып сөйлеп кететін әйелдерге үлгі”, “Төрештің кейде мақтаншақтығы ұстап кетеді”, “Әйелі нағыз қазақ келіні”, – деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Другие новости

Back to top button