Социум

Қытаймен көршілес жатқан Үндістан маска режиміне қайта оралды

Қазір елде коронавирусты жұқтырудың 3400 белсенді жағдайы тіркелген

Үндістан билігі азаматтарды қайтадан ковидтік шектеулерді сақтауға, соның ішінде бетперде киюге шақырады. Көршілес Қытайдағы жағдайлардың өршуі Үндістан билігін алаңдатып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ryhyтілшісі ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы апталарда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Бейжіңде және Қытайдың басқа қалаларында ауруханалар толып қалған. Бұл барлық елде COVID-19-дың жаңа толқынына қатысты алаңдаушылық туғызып отыр.

Қытай билігі бұл жағдайдың салыстырмалы түрде төмен екенін айтқанымен, ДДСҰ Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Майкл Райн Қытайдағы реанимация бөлімшелері тез толып жатқанын мәлімдеді.

Қытай алғаш рет елге шетелдік вакцинаны әкелуге рұқсат берді. Сәрсенбіде Қытайға неміс Pfizer/BioNTech бірінші партиясы келді.

«Сақтық шарасы»

Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір Үндістанда коронавирус жұқтырудың 3400 жағдайы тіркелді және ел билігінің Қытайдан айырмашылығы, аурудың төмендеуі байқалатынын және дүрбелеңге себеп жоқ екенін хабарлады.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия үкімет вирусты болдырмаудың жаңа жолдарын қарастырып отырғанын және Үндістан штаттарының билігіне Денсаулық сақтау министрлігі аккредиттеген зертханада ковидке оң нәтиже берген барлық пациенттің ақпаратын жіберуді ұсынды.

Үндістандықтарды қайтадан қашықтық сақтауға, бетперде киюге, қолды жиі жууға және вакцинаны күшейтуге шақырды, оны билік сақтық шара деп атайды.

Үндістан әуежайларындағы халықаралық рейстерде ковидке іріктеу сынақтары жүргізіле бастады, дегенмен әуе тасымалы ережелерін өзгерту туралы ресми хабарламалар әлі болған жоқ.

Другие новости

Back to top button