Социум

Қытайда аурухана өртеніп, 20-дан астам адам қаза тапты

71 науқас эвакуацияланды

Қытай астанасы Бейжіңде жекеменшік ауруханада өрт шығып, 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

China Daily хабарлауынша, Чанфэн ауруханасының ғимараты сейсенбі күні сағат 12.57-де өртеніп, соның салдарынан 21 адам қаза тапты, 71 науқас эвакуацияланды.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаның бейнежазбаларын жариялады. Онда адамдардың кондиционерлердің сыртқы блогы арқылы төменге түсуге тырысып жатқанын, ал енді бірінің ғимараттың терезелерінен түсу үшін төсек жаймаларын пайдаланып жатқанын көруге болады.

Другие новости

Back to top button