Социум

Қытай қалалары тағы карантинге жабылды

Сәрсенбіде елде вирус жұқтырған науқастар саны 31 444-ке өсті Қытай қалалары тағы карантинге жабылды

Миллиондаған қытайлықтар пандемиямен күресу үшін ұжымдық карантиннің қиын кезеңін қайта бастан өткеруде. Бейжіңде қорғаныс костюмдерін киген жұмысшылар COVID-19 жағдайлары анықталған кейбір ауданда металл тосқауылдар орнатты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі Еуроньюс ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Адамдар тамақ пен медициналық көмек алу үшін ғана сыртқа шыға алады, бірақ шыққанның өзінде денсаулық жағдайының сканерленген QR кодтарын көрсетуі керек.

Чжэнчжоу индустриалды қаласының 6,6 миллион тұрғыны бейсенбіде COVID-19 жағдайлары толқынының төмендеуін күту үшін 5 күн үйде болу туралы бұйрық алды.

Қарапайым тұрғындардың шыдамы таусылған. iPhone фабрикасының жұмысшылары төленбеген жалақы мен сыйлықақыны талап етуде. Наразылық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығысқа ұласты.

Қытай үкіметінің COVID-19-ға қарсы абсолютті төзбеушілік саясаты инфекцияның таралуын тоқтата алмады. Сәрсенбі күні елде анықталған жаңа жағдайлардың саны 31 444-ке өсті, бұл пандемия басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш болды.

Другие новости

Back to top button