Социум

Қытай билігі Украинадағы бейбітшілікті қалпына келтіруге мүдделі

Қытай билігі Украинадағы бейбітшілікті қалпына келтіру шұғыл міндеттердің бірі деп есептейді. Бұл жайында ҚХР Үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз үшін қазіргі кездегі ең шұғыл міндет — бейбітшілікті қалпына келтіру», — деп атап өтті ол.

Бейжіңде украин қақтығысын реттеу мақсатында халықаралық сапардың қорытындысы бойынша шетелдік дипломаттар мен журналистердің қатысуымен брифинг өтті.

Қытай дипломаты атап өткендей, бейбіт келіссөздер неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тиімді болады. Бұл зиянның алдын алады.

«Біз халықаралық қоғамдастықта консенсусқа қол жеткізудің маңыздылығы туралы айтып отырмыз. Көптеген адам, соның ішінде еуропалықтар да келіссөздер нәтиже береді деп санайды», — деді ол.

Ли Хуэй наурыздың алғашқы жартысында шамамен 10 күн бойы украин қақтығысын шешуге көмектесу үшін сапарда болды.

Алдымен ол Ресейге барып, Мәскеуде Ресей СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузинмен кездесу өткізді. Жарияланған кестеге сәйкес қытай дипломаты ЕО штаб-пәтеріне, Польша мен Украинаға, Германия мен Францияға да барды.

Бұл арнайы өкілдің шаттл дипломатиясының екінші кезеңі, біріншісі өткен жылдың мамыр айында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, бірқатар Еуропа елінің дипломаттарымен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесулер өткізген кезде өткен еді

Другие новости

Back to top button