ГлавноеГосорганы

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға келді

Қасым-Жомарт Тоқаев оны елорда әуежайында қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

«Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды», — делінген хабарламада.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

 

Другие новости

Back to top button