ГлавноеГосорганы

Қытай азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады – вице-министр

Қазақстанға 78 елдің азаматтары визасыз кіре алады

Биыл Андорра, Иран, Қытай үшін визасыз режим енгізілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Қазақстанға визасыз кіретін елдердің қатары артты.

«Бұған дейін пандемияға байланысты шекаралар жабылып, шектеулер қойылған еді. Бүгінгі таңда барлық шектеу алынып тасталды. Қазақстанға келу бойынша 78 елге визасыз режим қайтарылды. Қазіргі уақытта 28 мемлекетке қатынайтын 112 халықаралық рейс іске қосылды. Биыл Андорра, Иран, Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді», — деді Ержан Еркінбаев.

Другие новости

Back to top button