ГлавноеСпорт

Қысқы Азия ойындары: қазақ спортшыларының формасы қандай ақшаға тігіледі

Қысқы Азия ойындарына баратын қазақ спортшыларының киімі толығымен демеушілердің ақшасына тігіледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Киімдер жиынтығы 16 заттан тұрады. Спортшылардың жайлылығы үшін жоғары терморегуляциялық қасиеттерге ие табиғи материалдар пайдаланылды. Біздің киім үлгісі спортшыларымызды барлық қатысушылардан ерекшелеп, еліміздің танымалдылығына ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді министр.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, спорттық киім үлгісі Азия ойындарының ұйымдастыру комитетімен келісілген. Халықаралық стандарттар мен ұлттық талаптар сақталған.

Айта кетсек, 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында 9-қысқы Азия ойындары өтеді. Қазақстан құрамасы 6 спорт түрінен, 10 дисциплина бойынша жарыстарға қатысады. Команданың құрамы 138 спортшыдан құралған (72 ер адам және 66 әйел). Олар 51 медаль жиынтығы үшін күреседі.

Другие новости

Back to top button