Социум

Қырғызстан мен Тәжікстан әскерлерін шекарадан әкетуге келісті

Тәжікстанның Соғды облысы төрағасының баспасөз қызметі қос елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттерінің (ҰҚМК) басшылары Саймумин Ятимов пен Камчыбек Ташиев әскери күштерді шекарадан әкетуге келіскендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі елдің ҰҚМК басшылары хаттамаға қол қойды, оған сәйкес қосымша әскери күштер мен әскери техника тұрақты орындарына кері қайтарылады, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, делінген хабарламада.

Кездесу «Гулистон» шекара маңындағы бақылау-өткізу бекетінде өтті, оның барысында күш құрылымдарының басшылары Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара маңы аудандарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Айта кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыстар 14 қыркүйекте таңертең басталды. Бұған тараптар бір-бірін айыптады.

16 қыркүйекте Қырғызстанның шекара қызметі Тәжікстанмен шекарада атысты доғару туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

17 қыркүйекте таңертең Қырғызстанның Баткен облысында тағы да оқ атылды, содан кейін аталған өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Қырғыздың денсаулық сақтау министрлігі 19 қыркүйек сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауруханаларға түскендердің жалпы саны 163 адамды құрағанын хабарлады.

Тәжікстан Демократиялық партиясының басшысы Саиджафар Усмонзода 20 қыркүйекті Ұлттық аза тұту күні деп жариялауға шақырды.

БАҚ-тағы әртүрлі мәліметтері бойынша, тәжік тарапынан 35 адам қаза тауып, 35-тен астам адам жарақат алды.

 

Другие новости

Back to top button