Госорганы

«Қымбат ішімдік пен темекі, зәулім үй мен көлік»: Жұманғарин ауқатты адамдар қандай салық төлейтінін айтып берді

Премьер-министрінің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бүүгін Ақордада журналистердің сұрағына жауап бере отырып, сән-салтанат салығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алдымен «люкс» түсінігіне дұрыс анықтама берейік. Егер қазіргі таңда салық салынғалы жатқан дүниелерге қарасақ, бұл да сол қымбат, яғни сән-салтанаттың өзі емес пе?», — дейді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, қазіргі қарастырылып отырған салықтар қымбат мүлік пен тауарларға бағытталған. Ол бірнеше мысал келтірді.

  • егер жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, оның иесі жылына 3 миллион теңге төлейді;
  • бұл сомадан асқан әр теңгеге қосымша 2 пайыздық салық салынады;
  • құны 75 миллион теңгеден қымбат көліктер үшін жоғары мөлшерлеме бекітіледі;
  • қымбат алкоголь мен элиталық темекі өнімдеріне де салық енгізілмек.

Вице-премьер сән-салтанаттың нақты анықтамасы болмаса, салық салуда әділетсіздік орын алуы мүмкін екенін атап өтті.

«Егер ертең не нәрсе сән-салтанатқа жатып, не жатпайтыны анық болмаса – кейбір адамдар зардап шегуі мүмкін. Мұнда «кінәлі» немесе «кінәсіз» деген жоқ, бірақ салықты тиісті адамға емес, басқаға салып қоюымыз мүмкін», – деді Жұманғарин Ақордада.

Другие новости

Back to top button