Құрылыс компаниясының директоры Орал тұрғынын 21 млн теңгеге алдап кетті
Оралдық тұрғынды 21 млн теңгеге алдап кеткен құрылыс компаниясының директоры тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған тұрғын құрылыс компаниясының директорына таунхаустан үй алу үшін алдын ала 21 млн теңгесін берген.
«Ақыр-аяғында ақшасы да жоқ, элиталық тұрғын үйге де қолы жетпеген. Осылайша, компания директоры алдау жолымен оның 21 млн теңгесін иемденіп кеткен. Өзінің ақшасын ала алмай әрі үй салынбаған соң 53 жастағы тұғын полицияға шағым түсірді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Жалпы, облыста алаяқтық деректері азаяр емес. Сондықтан БҚО полиция департаменті тұрғындарға сақ болу қажеттігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.