Выбор редакцииКультура

«Құралай ханым — залым адам!» Айгүл Елшібаева психологтан сақтануға шақырды

Әнші Айгүл Елшібаева психолог Құралай ханымнан зардап шеккен адамдардың хаттарын жариялады. Оның айтуынша, психологтың ақылы сабақтарының кесірінен қиындыққа ұшырап, өліп кеткендер бар екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Психологтан жәбір көрген жандардың жанайқайын Айгүл Елшібаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әнші бірнеше азаматтың өзіне жолдаған хаттарын жариялаған.
Мазмұнына үңілсек, тренингке қатысқан адамдар психологтың ақылы сабағынан кейін түрлі жағдайда көз жұмыпты. Мәселен, жәбірленушілердің бірі қызының мезгілсіз қайтыс болуына Құралай ханымды кінәлаған.
Менде еш дәлел болмай тұр. Тек қайтыс болғаннан кейін енесі 40 ине қадалған апельсинді тауып, маған хабарласты. Ал мен қызымның Құралай ханымның сабақтарына қатысып жүргенін білемін,
— деп жазылған хатта.
Осылай деген Айгүл Елшібаева аңқау елге арамза молда болған психологтардан сақтануға шақырды.
«Мына мыстан өзі рухани надандықтан, мешеуліктен жасаған қылмысы үшін халықтан еш кешірім сұрамады. Психологпын деп, діни сауаты жоқ елге қара магияны үйреткен, ақшадан көзі көрмейтін, атаққұмар Құралай мыстанның теріс дуасынан қыздарым өліп кетті деп, аналары, туыстарының зарлаған жазбасына, маған сенбегендер суретті жылжытып оқыңдар», — деді Айгүл Елшібаева.

Другие новости

Back to top button