Шымкент

«Құны пәтермен бірдей»: Шымкентте әрқайсысы 9 млн теңге болатын 5 дәретхана салынды

Бұл ақша аз қамтылған отбасыларды қолдауға деп демеушілерден жиналған

Шымкенттегі дендрарий саябағында құны пәтердің бағасымен бірдей болатын бес дәретхана қойылды. Олардың бәрін әкімдікке қарасты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы орнатқан деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Аз қамтылған отбасыларды қолдауға деп жиналған демеушілердің ақшасына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы дендросаябақта тұрған дәретханаларды сүріп тастап, орнына 5 әжетхана қойып бере салған. Оның өзі әрқайсысы қаңылтырмен қапталған. Ерлер мен әйелдер жағында бір-бір бөлігі істесе, мүгедектерге арналған есіктері тарс жабық. Ыстық су ақпайды. Тоққа қосатын сымдарының кей жері күйіп кеткен.

«45 миллиондық қаржыға дендрология саябағына бес модульдік әжетхана орналастырылады. Ол әрқайсысы 9 миллион теңгеден. Бір бөлмелі пәтердің құнымен бірдей. Бұл бюджеттік қаржы емес. Бірақ сонда да ол кәсіпкерлердің, меценаттардың қаржысы болғандықтан, бұны мақсатты, тиімді түрде пайдалану қажет», — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жани Қамбар.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы құнына лайық емес дәретханаларға қатысты мән-жайды түсіндіруді жөн деп таппады. Арнайы хат талап етуде. Сондықтан әжетханаға деп бөлінген миллиондар желге ұшты деп отыр тұрғындар.

 

Другие новости

Back to top button