«Құны – 7 миллион теңге»: Дархан Жолшыбеков әйеліне алған сыйлығын көрсетті

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нүкееваға ерекше сыйлық алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы үйленуге ұсыныс жасағанда әйеліне арзан жүзік сыйлағанын жасырмады.
“Дариды қымбат тосынсый күтіп тұр. Үйленуге ұсыныс жасағанда ақшам болмады. Қазіргі тағып жүрген жүзігін 100 мың теңгеге сатып алған едік. Ол кезде шынымен де ақшам аз болды. Осы күнге дейін алдап келдім. Дари сақинаның бағасын 800 мың теңге деп ойлап жүр. Сақинаның бетіндегі гауһартас емес. Осы жолы құны 7 миллион теңге тұратын гауһартасты жүзікті сыйлаймын. Ең қымбат қонақ үйден нөмер алып, қуантамын”, – деді Дархан.
Еске салайық, блогер құны 800 миллион теңге болатын зәулім үй сатып алған еді.
“Дархан мен Даридың үйіне қонаққа келіп жатырмыз. Үйдің ішінде лифт бар. Бірінші қабаттан лифтімен екінші қабатқа көтерілуге болады. Мұндай үйді бірінші рет көріп тұрмыз”, – деген еді блогер Разиюша.