Выбор редакцииСоциум

Құдай қыз баланы мал табу үшін жаратпаған — Омар Жәлел

Белгілі ғалым Омар Жәлел “Сұрауы бар” Youtube арнасына сұхбат беріп, қыз баланың мал табу үшін жаратылмағанын айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Оның айтуынша, біз мектептерде кішкентай балаларға “Құдай тағала сендерге мал табу үшін қуат берді” деп үйретуіміз керек.

“Бұл жерде бір нәрсені айта кеткен жөн. Бұл еркекке де, ұрғашыға да бірдей айтылатын әңгіме емес. Егер біз бұны еркекке де, ұрғашыға да айтатын болсақ онда біз қыздарға қиянат жасаймыз. Өйткені, Алла тағала қыздарды мал табу үшін жаратпаған. Қазақта: “Мал таппайтын еркек болмайды, құрарын айт. Бала таппайтын әйел болмайды, тұрарын айт” деген мақал бар. Яғни, бұл жерде еңбек бөлісін айтып отыр. Ал әділеттілік қашан басталады? Еңбекті дұрыс бөлген кезде. Ал егер біз бала табатын қатынға мал тапқызып қойсақ бұл әділетсіздік емес пе? Абайдың айтып отырғаны ер адамдарға айтылған әңгіме”, – деп айтқан ғалым.

 

Другие новости

Back to top button