Выбор редакцииСоциум

Қуандық Бишімбаев үшінші рет үйленді ме? Әлеуметтік желіде видеосы тарады

Бір кездері 10 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың тойда билеген видеосы Instagram желісінде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Бұл туралы Голос народа. жазды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода күйеу жігіт пен қалыңдық тойы биін билегенін байқауға болады. Көпшілік экс-министр Қуандық Бишімбаев деп жатыр. Онымен билеген қыздың есімі — Салтанат. Әлеуметтік желідегі парақшасы жабық. Бірақ астролог екенін көрсеткен.

Салтанат Stories-ке «I love you K» деп жазып, 2022 жылдың 17 қазанын көрсеткен. Қолындағы неке жүзігі 2 карата екені анық. Мұндай жүзіктер дүкендерде 15 миллион теңгеден жоғары тұрады.

Ал негізі online.zakon.kz сайтында Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Назым Қаһарман екені жазылған. Екеуінің үш баласы бар. Айтпақшы, Назым экс-министрдің екінші әйелі. Алғашқы некесінен бір ұл дүниеге келген.

Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Назым Қаһарман
Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Назым Қаһарман

Назым Қаһарман әлеуметтік желдіе өте белсенді. Спортпен айналысады. Соған қарамастан темекі тартып келгенін айтқан. Жақында бұл әуестігінен айырылыпты.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың Астанада қымбат көлікпен «ойқастап» жүргенін жазғанбыз.

Естеріңізде болса, Қуандық Бишімбаев 2017 жылы қаңтар айында қамауға алынып, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы Ұлттық экономика министріне шыны зауытының құрылысынан 1,2 миллиард теңге жымқырды және ірі көлемде пара алған деген айып тағылған болатын. Бірақ ол 2019 жылы бостандыққа шықты.

Другие новости

Back to top button