Госорганы

ҚТЖ шенділерінің ай сайын миллиардтаған пара алып отырғаны анықталды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жемқорлық тәуекелдеріне байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті

 

«Қазақстан темір жолы» компаниясы менеджментімен бірге жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі сараптама жүргізілді. Бұл сала өте маңызды әрі соңғы 5 жылда осы салада 139 қылмыстық іс тіркелген,

— деді Саян Ахметжанов.

 

Оның айтуынша, сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізілген жүйелі сарапатама нәтижесінде жемқорлық тәуекелдер анықталған.

 

Жүктерді тасымалдау барысындағы жемқорлық сызба белгілі болды. Қазақстан темір жолы компаниясы шенеуніктері автоматтандырудың жоқтығын және құқықтық актілердің жетілдірілмегендігін пайдаланып, әкімшілік кедергілерді қолдан жасайды,

— дейді Превенция қызметінің басшысы .

 

Оның айтуынша, сол арқылы бизнеске вагон алу үшін пара беруге мәжбүрлейді.

 

Саян Ахметжановтың атап өтуінше, елімізде айына орташа есеппен ҚТЖ 400 мың жүк тиелген вагон қызметін үсынады. Ал бұл орайда заңсыз сыйақы мөлшері айына бірнеше млрд теңгеге жетуі мүмкін. Анықталған фактілер бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл проблеманы ҚТЖ басшылығымен, бизнес қоғамдастықпен талқылаған.

Другие новости

Back to top button