Костанайская область

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыстың видеосы тарады

Аңшылық дүкеніндегі жарылыс 3 қыркүйекте болған

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оружейная палата» аңшылық дүкенінде болған жарылыс сәті сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған.

Еске салсақ, 3 қыркүйекте сағат 11:20-да қаладағы Н.Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында бір қабатты «Оружейная палата» аңшылық дүкенінің ғимаратынан шыққан өрттің соңы жарылысқа ұласқан болатын. Өрт жақын маңдағы ТЖО ғимаратының шатыры мен асханаға тараған.

Жарылыс салдарынан дүкеннің 4 қызметкері қаза тауып, түрлі дәрежеде күйік шалған 3 қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2-бөлігі, 292-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Другие новости

Back to top button