Костанайская область
Қостанайда құбыр ауыстыру кезінде адам сүйектері табылды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/07/230705122236628e-780x470.webp)
Қостанай қаласында коммуналдық желілерді жөндеп жатқан қызметкерлер адам сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліментінше, 4 шілде күні, сағат 14:30-да полицияға Қостанай жылуэнергетика компаниясының жұмысшыларынан ақпарат түскен. Олар Мәуленов — Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру кезінде адам қаңқаларын тапқан.
![photo](https://www.inform.kz/radmin/fotofiles/2023/07/05/2307051222097043g.jpg)
Осы факті бойынша қажет тергеу амалдары басталды. Талдау жасалып, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.