Костанайская область

Қостанайда жаңадан салынған үйлердің ішін мұз басты

Жергілікті тұрғындар Қонай ықшамауданындағы әлі тапсырылмаған пәтерлердегі мұз басқан суреттер мен видеоларды көрсетті, деп хабарлайды Экспресс К.

 

«Наша газетаның» мәліметінше, жаңадан салынған үйлер жақында иелеріне берілуі керек еді. Алайда олар өз пәтерлеріне әзірге кіре алмайтын сияқты.

 

Бұл — Қонай ыұшамауданындағы №1, 2 және 3 үйлердің салынып біткенін көптен күтіп жүрген «Отбасы банкі» салымшыларының жанайқайы. Пәтерлердің жағдайы жаман. Үйлеріміз 2021 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ кілттерімізді әлі ала алмай отырмыз,

— дейді жергілікті тұрғын.

 

Қостанай қалалық құрылыс бөліміндегілер «барлық олқылық 13 желтоқсанға дейін жойылады» деп сендірген. Әкімдіктегілердің айтуынша, құрылысқа жауапты болған компаниямен келісім-шарт бұзылыпты. Себебі үй құрылысы кезінде олар бірқатар қателік жіберген.

Сондай-ақ әкімдік мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа конкурс жарияланғанын жеткізді. Конкурста жеңіске жеткен мердігер тұрғындар қоныстанғанға дейін барлық ақауларды жоюы тиіс..

Другие новости

Back to top button