Костанайская область

Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды тікұшақпен іздеп жатыр

Қостанай облысында жоғалып кеткен бес жасар қыз екінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Оны іздеуге тікұшақ шақырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл ауылынан 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен сәттен бастап, іздеу іс-шараларын ұйымдастыруды жеке өзім басқардым. Қазіргі уақытта оны іздеу тікұшақтың көмегімен жүргізілуде, – деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.

Облыстық полиция департаменті басшысының айтуынша, тікұшақпен аумақты қарауға қыздың анасы да шыққан.

Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы үлкен әпкелері қарап қалған. Олар таңертең оянғанда, баланың жоқ екенін байқаған. Полицияға бұл жайтты анасы хабарлады.

Другие новости

Back to top button