Акмолинская область

Қосшы тұрғындарының көбі елорда емханаларына жүгінуге мәжбүр — министр

 Қосшы қаласындағы медицина нысандарын кадрлармен қамтамасыз ету, техникалық жарақтандыру мәселелерін шешу қажет. Ақмола облысына жұмыс сапарында Қосшыдағы бірқатар медициналық объектілерді аралаған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомство сайтына сілтеме жасап.

 

Қосшы қаласының №1 қалалық емханасында жеті учаске бойынша 12 мың адамға қызмет көрсетіледі. Клиника басшылығымен әңгімелесу барысында министр мектеп медицинасы, ауруларды ерте сатысында анықтау мәселелерін көтеріп, сан емес, сапалы профилактикалық тексерулердің қажеттілігін атап өтті. Ол кадрларды даярлауға, оларды МСАК деңгейінде үздік тәжірибелерге үйретуге, жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдауға назар аударды.

Қаланың 22 830 тұрғыны тіркелген «Жанұя» КСМК-де 130 медицина қызметкері, оның ішінде 36 дәрігер, 68 орта буын маманы медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ құрамында 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Медициналық объектіні аралау кезінде министр басқарудағы тәсілдерді өзгертуді, халықпен жұмыстың тиімділігін арттыру, тұрғындардың өтініштері бойынша басым сұраныстарын анықтау, перспективалық бағыттарды ашуды ұсынды. Мысалы, бұл травматологиялық пункт болуы мүмкін.

photo
photo

Қосшыда қазір 80 мыңнан астам адам тұрады. Олардың көбі әлі де елордалық дәрігерлерге жүгінуге, яғни Астанаға қатынауға мәжбүр.

«Қазір мұнда екі қалалық емхана – жеке және мемлекеттік емхана орналасқан. Алайда, осы медициналық ұйымдарға бекітілген халық саны – қала тұрғындарының жартысынан сәл астамы ғана. Қалған адамдар әлі де елордаға баруға мәжбүр болып отыр. Демек, Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жергілікті тұрғындар үшін медициналық қызметтерді нақты қолжетімді ету үшін кадрлармен қамтамасыз ету, техникалық жарақтандыру мәселелерін шешу қажет», — деді Ажар Ғиният.

photo

Министр Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, содан кейін азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында жергілікті медициналық мекемелердің мамандармен және жабдықтармен қамтылуына қатысты сұрақтар қойылды. Жедел жәрдем, мектеп медицинасы, босандыру қызметі мәселелері талқыланды.

Жеке қабылдауда азаматтар емханаға жатқызудың қолжетімділігі және шұғыл медициналық көмектің сапасы бойынша проблемалармен жүгінді. Ведомство басшысы әрбір өтінішке толық түсініктеме беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауға алып, ведомствоның бейінді департаменттері мен жергілікті атқарушы органдарға қойылған мәселелерді шешуді пысықтауды тапсырды.

photo
photo
photo
photo
photo

Другие новости

Back to top button