Госорганы

Қошанов Премьер-министр лауазымына кандидаттар қашан ұсынылатынын айтты

Қазір Үкімет басшысына кандитаттар ұсынудың процедурасы пысықталып жатыр

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Премьер-министр лауазымына кандидатура қашан ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Премьер-министр лауазымына кандидатты жақын күндері, мүмкін, ертең немесе арғы күні ұсынамыз. Қазір оны ұсынудың процедурасын пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде оны ұсынып, жалпы отырыста талқылаймыз. «AMANAT» көпшіліктің дауысын жинаған партия ретінде жауапкершілікті өз мойнына алады. Оны Президент те айтты», — деді Қошанов.

Мәжіліс спикері өз атынан Премьер-министрдің кандидатурасына кімді ұсынуы туралы пікірін айта алмайтынын айтты.

«Премьер-министр осы адам болады деп айту – үлкен жауапкершілік. Бұған жеке депутат немесе төраға ретінде жауап бере алмаймыз. Себебі партия фракциясы талқылап, шешім қабылдауы керек. Мемлекет Премьер-министрсіз бір ай немесе бірнеше күн тұра алмайды ғой. Сондықтан біз тез арада келісіп, оның кандидатурасын ұсынып, тағайындауымыз керек. Премьер министр кім болатынын дәл қазір айтпадық деп, біз халықтың сенімінен жоғалтып аламыз деп ойламаймын», — деді Мәжіліс төрағасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сайлауда жеңіске жеткен партия, «AMANAT» партиясы премьер-министрдің кандидатурасын ұсынатынын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button