Госорганы

«Қоқыс үйіндісіне айналғанын қаламаймыз»: Автомобиль одағы Қазақстанға өзге елдерден келетін ескі көліктердің көбейгеніне шағымданды

Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева еліміздің өте ескі автомобильдерді импорттайтынын алға тартты. Айтуынша бұл ескі көліктерді басқа елдер өздерінен ығыстырып шығару үшін жібереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның автомобиль нарығына қатысушылардың алғашқы тәуелсіз форумында сөйлеген сөзінде Анара Мақашева ескі көліктерді жинаудың дұрыс емес екенін алға тартты.

«Дұрыс емес трендті көріп отырмыз. Өте ескі автомобильдер ел тұрақтарына келіп, импортталып жатыр. Бұл дегеніміз өзге елдің нарығы өз елдерін ескі автомобильдерден босатады. Сол үшін оны басқа елдерге жіберуге тырысады», – деді ол.

Мақашеваның айтуынша, ТМД елдеріндегі тоқсаныншы жылдардағы тәжірибе қайталануы мүмкін. Яғни ескі еуропалық, азиялық көліктер қаптайды.

«Біз Қазақстанның ескі көліктерге толы қоқыс үйіндісіне айналғанын қаламаймыз. Сондықтан біздің халық көліктерін жаңарта алуы үшін, ескілерін нарықтан шығару үшін, көбірек құралдар болуы үшін барынша шаралар қабылдау керек деп санаймыз», – деп қосты Мақашева.

Другие новости

Back to top button