Қоқыс жәшігінен табылған нәресте: Рудный полициясы жан түршігерлік оқиға туралы жаңа мәліметтермен бөлісті
Рудный қаласының полициясы жан түршігерлік оқиға туралы жаңа мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желтоқсанның 17-сі күні қаладағы ықшамаудандардың біріндегі қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Белгілі болғандай, бұл ұл бала. Баланың денесінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілері табылмады, бірақ сараптамалар тағайындалған.
Алайда WhatsApp желісінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео тарап жатыр. Онда ер адамның контейнерге жақындап, екі сөмкені лақтырып жатқаны көрсетілген. Жазба сәби табылған Рудный Корчагина көшесіндегі аулада жасалған, сөмкелердің бірінде бала болған деген болжам бар. Алайда полиция мұның рас-өтірік екенін әзірге растай алмай отыр.
“Жоғарыда айтқанымдай, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, бірақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, біз түсініктеме бере алмаймыз. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз. Баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады”, – деп түсіндіреді Қостанай облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Әбенов.
Бұған дейін аталған фактіге байланысты Рудный полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны айтылған.