Алматинская область
Қонаевта әлем рекорды жаңартылды

Қонаев қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Топжарған» этно-мәдени орталығы жаңа рекорд орнатты, деп жазды Alataunews.kz.
2 жасар бүркіт облыстық әкімшілік ғимаратының төбесінен Қазақстан Республикасы туын алып ұшты.
Көк байрақтың ұзындығы – 1,5 метр. Қыран 18 метр биіктікке көтеріліп, тумен бірге 130 метр қашықтыққа қалықтады.
«Бұл оқиға салтанатты түрде Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді. Мереке құтты болсын!», – деді Қазақстанның Гиннестер кітабы өкілі Бақытжан Сәбитұлы.