АлматыВыбор редакции

Қоғамдық көлікте ер адам қызға мүшесін көрсетіп, мастурбация жасаған

Алматыдағы автобустардың бірінде адам шошырлық жағдай болды. Ер адам жолаушының біріне мүшесін көрсетіп, қолымен аймалаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ер адамның әрекеті жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда бұл жағдай Алматыдағы №70 автобуста болғаны жазылған. Қоғамдық көліктегі бойжеткенге сондағы ер кісі ерсі қимыл көрсетіпті. Яғни еркектік мүшесін шығарып, қолымен тояттандырған.

 

Таңғы мезгілде бойжеткен қоғамдық көлікке отырған. Бірақ қарсы алдында тұрған ер кісі ол қызға тесіле қарап, бір қолымен автобус тұтқасын ұстаса, екінші қолымен өз мүшесін аймалапты. Бойжеткен содан әлі уақытқа дейін өз-өзіне келе алар емес,

— делінген ақпаратта.

Суретте ер адамның егде тартқаны байқалады. Бірақ оның әрекетін желі қолданушылары қатты сынға алуда. Басым бөлігі қоғамдық көлікте кішкентай балаларға дейін отыратынын жазып, полицияның дереу шара қолдануын талап еткен.

Экспресс К тілшілері бұл оқиға бойынша қалалық полицияға сұрау салды. Материал толықтырылады.

Другие новости

Back to top button