Главное

Қоғам «Қашанғы өтірік айтамыз?»: депутат Ақтөбедегі су инфрақұрылымына қатысты вице-министрге шүйлікті

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында Ақтөбе облысындағы суармалы егістік алқаптарының инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселе көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішевтің айтуынша, өткен жылы су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдіктер бірлесіп, инфрақұрылымдарды коммуналдық меншікке беру жөнінде жол картасын іске қосқан болатын. Алайда нақты нәтиже болмай отыр.

«Былтыр инфрақұрылымдарды іске қосып, пайдалануға береміз деп уәде бердіңіздер. Бірақ іс жүзінде ондай болмады. Қазір бұл нысандар жаңадан құрылған жергілікті коммуналдық меншіктегі мекемелерге берілді. Онда қажетті техника да, құрал да жоқ. Техниканы алу үшін бюджеттік өтінім беру керек. Ал шаруалар дабыл қағып жатыр. Олар: «Бізді үкімет алдап кетті» дейді. Ал сіздердің есептеріңізде бюджет 100 пайыз орындалды деп көрсетілген. Қашанғы өтірік айтамыз?» – деді депутат Қазыбек Әлішев су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановқа қарата.

Өз кезегінде вице-министр Ерболат Ибрайханов мәлімдемеге жауап беріп, бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылғанын айтты.

«Біз ешқандай өтірік айтып отырған жоқпыз. Жалпы 47 нысанның 43-ін қабылдап, коммуналдық меншікке өткіздік», — деді вице-министр.

 

Другие новости

Back to top button