Госорганы

Қазпоштадан 270 млн теңгеден астам қаражат ұрланғаны анықталды

Қазпошта АҚ-да ішкі тергеу жұмыстарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазпоштаның хабарлауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған

– Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді, – делінген хабарламада.

«Қазпошта» АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырып, құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істемек.

Другие новости

Back to top button