Қазпошта басшысы айлығын атап, не үшін ұялатынын айтты
Мәжілісте журналистер «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Әсел Жанасовадан қанша жалақы алатанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Мен ашық түрде айтайын, 1 млн 200 мың аламын. Басқа да ұлттық компаниялардың деңгейінде деп білемін. Себебі бұны жасыратыны жоқ, шын мәнінде солай. Бонус, премия туралы сұрақтарыңыз болатынын білемім. Бізде Қазпоштада дағдарысқа қарсы жоспар бар. 2023 жылы ғана кішкене плюске шықтық. Ондай біздің жағдайымыз жоқ, біз бонус пен премия алмаймыз, – деген ол жаңа жыл қарсаңында да премия алмайтынын жеткізді.
Әсел Жанасова бес жылдық жоспар барын, сол кезеңде поштаны аяққа тұрғыза алса, онда премия мен бонысты қарастыруға болатынын атап өтті.
– Менің өзімнің жағдайым емес, поштаның жағдайы бірінші орында. Көтеретін болсам, мен ауылдағы пошташылардың, сұрыптаушылардың жалақысын бірінші көтерем. Соларға премияны да беремін. Осы жылы екі рет премия бердік, өткен жылы үш рет премия бердік, жалақыдан басқан. Сондықтан біз әрдайым жұмыскерлерімізді қолдаймыз, – деді ол.
Ulysmedia.kz тілшісі Әсел Жанасовадан “пошташыларды жігерлендіру үшін газет-журнал таратуға қанша бөлінуі керек деп ойлайсыз, өзіңізде есеп бар ма? мемлекеттен субсидия сұрап отырсаңыздар, ол қанша болуы керек” деп сұрады?
– Ауданнан ауылғанға дейін (тасуға) 17 теңге ғана төлейді. Бұған проездной да ала алмайсың. Сол үшін біз жалақыны да қатты көтере алмаймыз. Енді бұл неге байланысты. Тарифті көтерсек, айқай шу болады, газеттің бағасынан 17 теңгеден қалғаны газетті шығарушыларға кетеді. Сондықтан қазіргі шығын.. жыл сайын өзіңіз білесіз, 20 пайызға жанармай бағасы өсіп жатыр. Жыл сайын автотұрақтарымызды жаңартуымыз керек, жыл сайын жалақы көтеруіміз керек. Яғни қаражат… 30 пайызға шығын өсіп жатыр. Ал тарифтер 2017 жылдан бері арастырылмаған. Рл 10 млрд зиян келтіріп тұр. Ол дұрыс емес. Негізі газет-журналдардың жағдайын ойлайтын болса, ол тарифті көтеруіміз керек. Яғни адамдар тезірек өз кезінде ол сервисті алуы керек. Сондықтан ол бірлесе қарастыратын мәселе, Қазпоштаның ғана қарамағында емес, – деді ол.
– Сіздерге 10 млрд теңге керек иә, – деп нақтылады тілші.
– Иә, ауылдық мекендерге жеткізу, 10 млрд, ол кезде бір машинаны жібереміз. Солай…, – деген Қазпошта басшысы өтінім бергенін, келесіз жылдан бастап өзгереді деп ойлайтынын жеткізді.