Социум

«ҚазМұнайГаз» қымбат киімдер киінген Әубәкіровтың әйеліне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қымбат әшекейлер тағынып, брендтік киімдер киінген Асқар Әубәкіровтың әйеліне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Блогер Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында лондонда жүрген ханым Ботагөз Көшенованың видеосын жүктеді.

«Көшенова 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына дейін «ҚазМұнайГаз» БӨ-нің сатып алуларын «қадағалаған» Асқар Әубәкіровтың әйелі. Ол 2012 жылдың қаңтарында жұмыстан шығарылған», — деді Еділов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Асқар Әубәкіров ҚМГ жүйесінде 11 жылдан бері жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Соңғы атқарған қызметі «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары болды. Ол 2012 жылдың қаңтарында қызметінен кетті.

Заңға сәйкес көрінеу жалған ақпаратты тарату және орналастыру жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз. Біз Қазақстан азаматтарын және БАҚ өкілдерін тек ресми деректерге сенуге, арандатушылыққа бой алдырмауға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», — деді ҚМГ.

Другие новости

Back to top button