Госорганы

«ҚазМұнайГаз» бірінші тоқсанда қанша мұнай экспорттады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы магистральді құбырлар арқылы мұнай тасымалын арттырып, теңізбен тасымалды азайтқан. Бұл туралы акционерлік қоғамның 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелері туралы есебінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Магистральды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 4,5% артып, 16 765 мың тоннаға жетті. Көлемнің өсуіне негізінен ҚазТрансОйл жүйесі бойынша Самара бағытына қарай Қашаған мұнайы көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ Дунга және Теңіз кен орындарынан Ақтау порты бағытына мұнай тасымалының ұлғаюы әсер етті», — делінген есепте.

Ал теңіз арқылы тасымал 7 пайыздан астамға кеміген.

«Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 7,7% немес 2 094 мың тоннаға азайды. Мұның себебі – жеткізілімдердің басқа маршруттарға қайта бағытталуына байланысты қазақстандық жүк жөнелтушілердің Жерорта теңізінмен экспортталатын мұнай көлемін төмендетуі.

ҚМГ мен Әзербайжанның SOCAR компаниясы арасындағы Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша жыл сайын көлемі 1,5 млн тонна болатын мұнай транзиті туралы келісім аясында 2023 жылдың сәуір айында Джейхан терминалынан «Petromidia» МӨЗ-і үшін Констанца румын порты бағытына қарай 90 мың тонна көлемінде мұнайдың алғашқы партиясы танкермен тасымалданды», — деп жазылған компанияның мәліметінде.

Другие новости

Back to top button