Социум

Қазгидромет: Республика бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде бүгін тұман түсіп жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атлантикалық циклонның терең жырасы мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтімен Қазақстанның басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүріп, қар жауады, түнде шығыстың таулы аудандарында қалың қар түседі.

«Тек елдің батысында, оңтүстік-батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерімен күн жауын-шашынсыз болады. Республика аумағы бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, шығыс жартысында жел күшейеді»,-делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button