Главное

QazCloud және VK Cloud локализацияланған бұлт платформасын Қазақстанда іске қосады

2023 жылы 25 сәуірде Қазақстанда кәсіпті цифрландыруға арналған VK Cloud бұлт платформасы QazCloud-пен серіктестік орнатты. VK Cloud технологиясы мен қызметі ірі және шағын кәсіп пен стартаптардың сандық жобаларын дамытуға, оларды нарыққа тезірек шығаруға және икемді масштабтауға көмектеседі. Бұлт платформасы  Қазақстан компаниялары үшін бейімделген және ҚР заңнамасының талабына сәйкес республика аумағындағы QazCloud сандық орталығында орнатылады.

Бұлт платформасы 20-дан астам алдын ала конфигурацияланған IaaS және PaaS қызметін біріктіреді. Бұл қызметтің көмегімен кәсіптің деректерді сақталады немесе инфрақұрылымы бірнеше минут ішінде орналасады. Көлемді деректі әзірлеу және өңдеу үшін заманауи құрал қосылады. Сонымен қатар, ақпараттың сақтық көшірмесі және қалпына келтіруін қамтамасыз етеді.

«Бұлт қызметі цифр өнімін әзірлеу мен дамытудың стандартына айналып, шешімін нарыққа шығаруын жеделдетуге және бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар икемді АТ инфрақұрылымын құру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап деректерді сақтау мен өңдеуге және ML модельдерімен жұмыс істеуге дейінгі кәсіптің барлық міндетін шешеді — деді VK Tech басқарушы директоры Павел Гонтарев. — VK Cloud платформасы Қазақстандағы QazCloud серіктестігінің жергілікті деректер орталығында орналастырылған. Бұл республикадағы кәсіп үшін инфрақұрылымның жоғары қорғалуын және өңірде цифр өнімін дамыту кезінде барлық қажетті талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді».

VK Cloud бұлт платформасының қызметін мамандар басқарады. Осылайша, компаниялар кәсіпті дамытуға назар аударып, мамандарды жалдау және жабдықты сатып алу шығындарын азайта алады.

«Астанадағы жасыл технологиялар бойынша салынған QazCloud деректер орталығы VK Cloud локализацияланған платформасы бар Қазақстанның АТ-мамандарына барлық құралды ҚР аумағында трансшекара дерегін беру қажеттілігінсіз, яғни байланыс арналары бойынша ең аз кідірістермен алуға көмектеседі» дейді QazCloud бас директоры Қасым Есергепов.

VK Cloud бұлт платформасы Қазақстан нарығына бейімделген. Жергілікті сандық орталыққа орналастыру «Дербес деректер туралы» заңнама талаптарының сақталуын, сондай-ақ қызметтің жоғары жұмыс жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бұлт қызмет үшін төлем теңгемен жүргізіледі. Тек пайдаланылатын қуатты құралдар үшін шоттар Pay-as-you-go моделі бойынша құрылады.

 

Анықтама

QazCloud

Qazcloud инфрақұрылым провайдері IT-инфрақұрылымды қолдау, қызмет көрсету және жаңғырту, виртуал ресурстарды жалға алу және орналастыру, IT-аутсорсинг, ақпарат қауіпсіздігі және жүйелерді техника сүйемелдеуі қызметін ұсынады.

VK Tech

VK көп жылдық тәжірибесін пайдалана отырып, VK Tech ашық код негізінде интернет-қызмет, технологияны дамыту, кәсіп пен мемлекетті цифрландыру үшін шешім әзірлейді. VK Tech портфолиосында — бұлтқа негізделген VK Cloud платформасы, Tarantool middleware платформасы, VK Tax Compliance кәсіп пен мемлекеттің өзара әрекеттесу шешімі, сонымен қатар, коммуникация, персонал басқару, өндірісті автоматтандыру және кәсіп-процесіне арналған бағдарламалық өнімдер желісі бар.

VK Cloud

VK Cloud – бұлтқа негізделген кәсіп және даму платформасы,  кез келген көлемдегі компанияларға бұлт инфрақұрылымын құрудың ыңғайлы құралдарын ұсынады. VK Cloud VK Tech шешімдер портфеліне кіреді және ашық код негізінде интернет қызметі мен технологияларын дамытудың көп жылдық тәжірибесіне негізделген. VK Cloud инфрақұрылым және платформа қызметі, сараптама қолдауы, реттелетін және жеке қондырғыларды ұсынады және бұлтқа көшуге көмектеседі.

 

 

Другие новости

Back to top button