Выбор редакцииСоциум

Қазақы дәстүрмен мысықтың тұсауын кескендер көптің ашуын келтірді

Ақ мата төсеп, құдды бір кішкентай бүлдіршін секілді қазақи жөн-жоралғымен мысықтың тұсауын кескендер жұрттың шамына тиді. Мысық иесі тұсау кесіп қана қоймай, үй жануарының туған күнін де атап өтеді. Оның видеосын ТікТок қолданушысы өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К. 

Видео тамақтану орындарының бірінде түсірілген. Бейнежазбадан үстелге «Ақ жол» деген жазуы бар ақ мата төселіп, белгісіз ер кісінің мысыққа тілек айтып тұрған сәтін көруге болады. Кейіннен мысықтың аяғына байланған жіпті кеседі.

Жолың болсын! Жолың таза болсын! Ешқашан ауырма,
— дейді ер кісі.

Тұсауы кесілген мысық алға жүріп, ыдысқа салынған тамағын жейді.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушыларының басым көпшілігі ересек адамдардың бұл әрекеті қазақтың салт-дәстүрін келеке етумен тең деп шамданса, енді бірі әзіл деп қабылдады.

 

 

&fpc=8e2a19a1-4f98-409c-b9f1-16e4ba7104de

 

 

«Жетісіпсіңдер, салт-дәстүрді мазақ етіп не болды? Өздеріңнің қандай төмен дәрежеде екендеріңді көрсеттіңдер», «Қазақтың дәстүрін ойыншық қылдыңдар-ау», «Ай, қазақтар.

Ұлтымыздың салт-дәстүрін мазақ етіп тұр ма?», «Мазақ қылдың ғой өзіңді», «Не сұмдық мынау? Мысыққа тұсау кесу деген шектен шығу», «Еріккендер», «Қатырған екенсіңдер мазақ қылып» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, дәл сол күні ер кісі мысығының туған күнін атап өткен. Оның да видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

Другие новости

Back to top button