ГлавноеГосорганы

«Қазақтелекомның» Алматы филиалының есепшісі 643 млн теңге жымқырған

Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

«Қазақтелеком» АҚ-ның Алматы қалалық филиалының есепшісі 643 млн теңге ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық прокуратура өкілдері хабарлағандай, филиал бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

«Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ филиалдары бухгалтерінің аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына жолдады.

Ол 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар арқылы 643 млн теңгеден астам сомаға ақша ұрлады деп айыпталып отыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Другие новости

Back to top button