Госорганы

Қазақтардың шегіртке жеуіне бола ма – Әлназарова өз ойын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова шегірткені жеу қазаққа тән емес дәстүр екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «шегіртке халал жәндік, кейбір елдер одан ақуыз тағамын дайындайды» деп, сынның астында қалған еді. Бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер еліміздің бас дәрігерінен «шегірткені шынымен жеуге бола ма?» деп сұрады.

Ақмарал Әлназарова жәндік жеу қазаққа тән емес деп санайды.

«Әр мемлекеттің өзінің дәстүрлері бар, қазаққа тән дәстүр емес деп білемін. Сондықтан бұл жерде айтарлықтай зерттеулер, зияны немесе пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Менің құзыретіме кірмейді», — деп қысқа қайырды денсаулық сақтау министрі.

Оқи отырыңыз: «Шегіртке халал» деген шенеунік онымен күресу үшін Жетісу облысына аттанды

Другие новости

Back to top button