Госорганы

Қазақстанның үш облысында тауық жұмыртқасы қымбатқа сатылып келген

Жұмыртқа бағасына заңнамада белгіленген үстеме – 15%

Электрондық шот-фактураларды талдау қорытындысы бойынша Сауда комитеті Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында тауық жұмыртқасына белгіленген үстемеден артық қосып сатылған жағдайларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Айта кетейік, тауық жұмыртқасына заңнамада белгіленген үстеме – 15%. Атап айтқанда, «Курочка ряба» ЖШС көтерме сатушысы қазан-қараша айларында екі құс фабрикасынан 25 млн данадан астам бірінші санатттағы жұмыртқа сатып алған, оның 6 млн-ы 25-тен 27%-ға дейінгі сауда үстемесімен сатылған болып шықты. Өңірлерде анықталған фактілер бойынша барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін әкімдіктерге берілді.

«Біз бизнестен мүмкін емес нәрсені талап етпейміз, пайда таппай жұмыс істеуге болмайтынын түсінеміз. Алайда заңнама аясында жұмыс істеу керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырмау керек. Әкімдіктердің назарын тағы да сауда үстемесін нормадан асыру тәжірибесін тоқтату қажеттігіне аударамын», — деді Серік Жұманғарин.

Негізгі азық-түлік өнімдерін сату кезінде жүретін делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың өткен аптадағы жұмысының нәтижелері қаралған кеңесте «айналым схемасы» аясында қант зауыттарын қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдерді іске асыру процесі талқыланды. Бүгінгі таңда 10,8 млрд теңгеге (өткен аптада 7,664 млрд) қарыз шарттарын 10 өңір (өткен аптадан бастап үш) жасасты. Алматы, Астана, Шымкент қалалары, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Ұлытау облыстары келесі аптаның соңына дейін осындай шарттарға қол қоюға дайын екендерін растады.

Другие новости

Back to top button