Госорганы
Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды
Көлік қозғалысына шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілді

2024 жылғы 31 қаңтар сағат 00:10-дағы ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында — 3 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» 59-143 км, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек — 84 км.
- «Алматы-Шелек-Қорғас» 24-254 км, Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 км.
- «Алматы-Өскемен» 25-124 км, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін — 99 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады
(қар, ауа температурасының төмендеуі).
Жамбыл облысында — 2 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» 143-238 км, Алматы обл.шек — Қайнар а. — 95 км.
- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-212 км, Кенен а.-Қордай а. — 53 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады
(Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).
Қызылорда облысында — 1 учаске
- «Самара-Шымкент» 1802-2055 км, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
(Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).
Түркістан облысында — 1 учаске
- «Самара-Шымкент» 2055-2082 км, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
(Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты)