Госорганы

Қазақстанның төрағалығымен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

12 қазанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға қатысушылар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылады.

 

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Реклама

Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Сыртқы істер министрлері 2022 жылы 14 қазанда Қазақстан астанасында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті.

Другие новости

Back to top button