Госорганы

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне аязды күндер келе жатыр – ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр, найзағай болжанады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

«Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 15 сәуірде Ақмола облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы облыстарында және Жетісу облысында болады деп болжанып отыр. Республика бойынша тұман күтіледі.

15-17 сәуірге қараған түндері Батыс Қазақстан облысында, 15-16 сәуірде Атырау, Ақмола, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облыстарында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус аяз болады деп болжанып отыр», — делінген ауа райы болжамында.

Күндіз температуралық фон:

  • Елдің батысында 15-20-дан 17-23-ке дейін жылу көтеріледі;
  • Оңтүстік-батыста негізгі фон 15-25 жылу;
  • Солтүстік-батыста 8-16-дан 12-20-ға дейін жылу көтеріледі, 17 сәуірде аймақтың солтүстігінде 5-10-ға дейін төмендейді;
  • Солтүстікте жылу 7-15-тен 0-10-ға дейін төмендейді;
  • Орталықта 10-18-ден 13-21-ге дейін жылу көтеріледі;
  • Шығыста 9-18-ден 10-20-ға дейін жылу көтеріледі;
  • Оңтүстікте 15-23-тен 17-25-ке дейін жылу көтеріледі;
  • Оңтүстік-шығыста 17-23-тен 13-20-ға дейін жылу төмендейді.

Другие новости

Back to top button