Ақша

Қазақстанның қай министрлігінде жемқор қызметкерлер көп анықталған

Биыл министрліктердің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша ұсталды

Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан министрліктерінің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша ұсталған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 20,7%-ға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ranking.kz зерттеуінше, көбінесе мұндай қылмыстарды Қаржы министрлігінің қызметкерлері жасаған. Яғни, бір жыл бұрынғы 31 адаммен салыстырғанда, биыл 33 адам осындай құқықбұзушылықпен қолға түскен. Осылайша, жылдық өсім 6,5%-ды құраған.

«Жемқорлық деректері бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі (22 адам, бір жылда 83,3%), Ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам, бір жылда 23,1%) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (16 адам, алдыңғы жылмен салыстырғанда бірден 5,3 есеге көп) алдыңғы орындарға шыққан», — делінген зерттеуде.

Жемқорлық жасаған қылмыскерлердің ішінде 102 қызметкер ауыр қылмыс, 4 адам орташа ауырлықтағы қылмыс және тағы 4 адам ауыр емес, 1 адам аса ауыр қылмыс жасаған.

«Министрліктердегі құқық бұзушылардың 69,4%-ы, яғни 77 адам пара алу кезінде ұсталды, бұл бір жыл ішінде 63,8%-ға көп көрсеткіш. Тағы 14 адам сыбайлас жемқорлықпен қолға түссе, 7 адам қызмет бабын асыра пайдаланған, 6 адам пара берген, 5 адам сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру фактісі бойынша ұсталды», — дейді сарапшылар.

Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған министрлік қызметкерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында анықталған: 23 адам – бір жыл бұрынғыдан 3,3 есе көп көрсеткіш. Сондай-ақ Шымкент қаласы (12 адам, жылдық өсім – 4 есе) және Алматы облысы (10 адам, минус 9,1%) алдыңғы орындарға шығып кеткен.

«Министрлік» құқық бұзушылардың ең аз саны Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген: әр облыста 2 адамнан анықталды. Жаңадан құрылған үш облыста, сондай-ақ Қарағанды ​​және Қостанай облыстарында министрлік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық деректері тіркелмеген», — делінген зерттеуде.

 

Другие новости

Back to top button