Госорганы

Қазақстанның да, шетелдің де костюм-шалбарын кие беремін – Шаққалиев

Бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистердің сұрағына жауап берген сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үстіндегі костюм-шалбары отандық өнім екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, сауда-саттық болған соң елдер арасында тауар айналым үзілмеуі керек. Содан болса керек министр ара-тұра шетелдің импортын тұтынатын көрінеді.

«Менің дәл қазір киіп отырған костюм-шалбарым Қазақстанда тігілген. Әрине, бізде матаның түрлері түгел шықпайды. Несін жасырайын, шетелдің де де костюм-шалбарын киемін. Сауда дегеніміз осы – өзіміздікі де болады, шетелдікін де әкелу керек», — деді ол.

Другие новости

Back to top button